International Symposium of Gastroenterology

PRO.MED.CS Praha a.s. Компаниясы өзінің қызметін жүзеге асыратын барлық мемлекеттердің гастроэнтерологтарымен және гепатологтармен берік серіктестік өзара қарым-қатынастарын орнатады. Батыс, Орта және Шығыс Еуропа, сонымен қатар Ресей және Орта Азия мамандары арасында тәжірибе алмасу мақсатында, біз медицинадағы жаңалықтарды көрсетуге бағытталған әр түрлі ғылыми кездесулерді өткіземіз және демеушілік етеміз.

Ең белгілілер қатарында International Symposium of Gastroenterology (ISG). ISG PRO.MED.CS Praha a.s. компаниясының өнімдерін таныстырумен ешқалай байланыспаған, симпозиум ішек-қарын жолындағы ауруларды емдеудегі жаңа әдістерді баяндамалар және талқылау жүргізілетін постерлер нысанында таныстыруға бағытталған.